Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1-6 градусқа дейін үсік: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

1-6 градусқа дейін үсік: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

1-6 градусқа дейін үсік: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
 Сурет: Pexels.com
11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
«Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін», – делінген синоптиктер болжамында.
Күндізгі ауа температурасы:
  • батыста +13…+28°С,
  • солтүстік-батыста +10…+18°С,
  • солтүстікте +5…+13°С,
  • орталықта және шығыста +8…+18°С,
  • оңтүстікте +17…+26°С,
  • оңтүстік-шығыста +15…+22°С,
  • таулы аудандарда +8…+13°С болады деп күтіледі.

 

08 мамыр 2026 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031