Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме – Министр жауап берді

Қазақстанда жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме – Министр жауап берді

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин “елімізде жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме?” деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, баға өсімі тауардың түріне қарай әсер етеді.
“Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері - 5 пайыз, ал күнбағыс майы - 2,4 пайызға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен. Ал газдың бағасы әзір өспейді", - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түлік құнының артуына айтарлықтай әсер етпейді.
"Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір елімізде баға тұрақты, осы орайда бірден өсіруге негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне бізде азық-түлік қоры бар", - дейді ол.
04 сәуір 2023 ж. 503 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930