Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

Фото: freepik.com
Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айттым, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Жұмыс істеп тұрған Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымның бір бөлігі, сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші лауазымы таратылуға жатады. Президент әкімшілігінің фукционалы, құрылысы және оны басқару жүйесі іс жүзіндегі қажеттілікке орай реформаланады. Әрине, бірқатар елде вице-президент лауазымы бар екені сіздерге белгілі. Біздің жағдайда аталған лауазымды бекіту мемлекетті басқару процесін тұрақтандырады. Сонымен қатар билік тармағына қатысты түпкілікті нақтылық енгізеді, — деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, аталған конституциялық жаңашылдық президентті билік институтының әлсіреуін білдірмейді. Керісінше, Президент лауазымы мемлекеттік жүйедегі ең бастысы болып қалады. 
— Қазақстан президентті республика ретінде табысты дамитындығына сенімдімін. Мұның үстіне халықаралық тәжірибе мұндай таңдаудың пайдасын сенімді түрде дәлелдеп отыр. Мен ұсынған мемлекеттік биліктегі реформалар, оның ішінде бірпалаталы парламентке — Құрылтайға өту, Халық кеңесін құру, вице-президент лауазымын енгізу еліміздің дамуына тың серпін беріп, оның әлеуетін күшейтетіндігіне сенімдімін, — деді Мемлекет басшысы.
20 қаңтар 2026 ж. 299 0

Қытайда жер сілкінді

24 қараша 2026 ж. 63

Қамданған қапы қалмайды

24 қараша 2026 ж. 78

Үш парақ

24 қараша 2026 ж. 74

Ұлт тағдырындағы ұлы күн

24 қараша 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30