Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президентті жеті жылға сайлау туралы норма бекітілді – министрлік

Президентті жеті жылға сайлау туралы норма бекітілді – министрлік

ҚР Президентінің бірқатар құзыреті мен өкілеттігін шектейтін заң қабылданды. Бұл туралы ҚР Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Мемлекет басшысы биыл 16 наурыздағы халыққа жолдауында саяси институттарды жаңарту мәселесін көтерді. Атап айтқанда, президенттің бірқатар өкілеттігін қысқарту, Парламентті күшейту және оны қалыптастыру моделін өзгерту ұсынылды. Сонымен қатар сайлау жүйесін жетілдіру және мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту керектігі айтылды. Реформаны толыққанды жүзеге асыру үшін алты заң қабылданды. Алдымен президент өкілеттігіне қатысты түзетулер. Президенттің жергілікті атқарушы органдар мен жоғарғы сот кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттігі мен Парламент Сенатындағы «президенттік квота» қысқартылды», - деді Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, вице-министрдің мәлімдеуінше, президенттің жақын туыстарына лауазымды қызмет атқаруға шектеу енгізілді.
«Сол сияқты Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі Президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз жеті жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді», - дейді ол.
07 қараша 2022 ж. 299 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031