Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар жануарларға қатігездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтпек

Депутаттар жануарларға қатігездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтпек

Жаза ретінде 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл (8 650 000 теңге), түзеу жұмысы немесе қоғамдық жұмысқа тарту қарастырылған.
Депутаттар жануарларға қатігездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтпек
Фото: www.istockphoto.com
Депутаттар бастамашы болған заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осыған орай, Президент тапсырмасын орындау мақсатымен, жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құжатта жануарларға қасақана ауырсыну тудыру, жарақат салу немесе олардың өліміне әкеп соқтыру үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады.
Қайталанған немесе ауыр бұзушылықтар болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады. Жаза ретінде 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Ауырлатушы жағдайлар болса – үш жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.
Бұдан бөлек, құқықбұзушылық құралдарын тәркілеу және болашақта жануар асырау құқығынан айыру сияқты қосымша шаралар қарастырылған. Сонымен бірге профилактика жұмыстары да күшейтіледі. Атап айтқанда, балаларға тәрбие беру, ағарту жұмыстары және табиғатқа ізгілікпен қарауды қалыптастыру шаралары жүргізіледі.
06 мамыр 2026 ж. 131 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930