Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту: Қандай жаза қарастырылған?

Әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту: Қандай жаза қарастырылған?

Фото: gov.kz
Қарулы күштерге көктемгі шақыру 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Сонымен қатар, әскери қызметтен бас тарту немесе жалтару жағдайлары көбейіп барады. Мұндай жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sarbaz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметке шақыру келгеннен кейін еш себепсіз белгіленген уақытта келмеу жалтару болып саналады.

Бұл қылмыс азаматтарды әскери қызметке шақырудың белгіленген тәртібін бұзуынан, нәтижесінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне зиян келтіруінен тұрады.

Әскери есепке қою жөніндегі міндетті орындамаған және әскери қызметтен жалтарған жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, "әскери қызметтен жалтару" бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады:

Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтарған үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза қолданылады, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады.

Дәл сол әрекет:

өзіне зиян келтіру арқылы;
ауруды имитациялау арқылы;
құжаттарды қолдан жасау немесе өзге де алдау тәсілі қолданылғаны үшін, – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады.
05 сәуір 2024 ж. 276 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031