Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қатаң жазаланады

Қазақстанда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қатаң жазаланады

© Sputnik / Абзал Калиев
Ұрып-соққаны үшін 80 АЕК (2024 жылда – 295 360 теңге) айыппұл не 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған заң жобасы таныстырылды. Соның аясында адамды ұрып-соққаны үшін жазаны қатаңдату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заң жобасына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (2024 жылда - 738 400 мың теңге) айыппұл не 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу;
ұрып-соққаны үшін 80 АЕК (2024 жылда – 295 360 теңге) айыппұл не 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;
Қазіргі кезде осы тәртіп бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК (2024 жылда – 55 380 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу, ал ұрып-соққаны үшін 10 АЕК (2024 жылда – 36 920 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алады.
Бұдан бөлек, депутаттар әзірлеген заң жобасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеуді алып тастап, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қалдыру ұсынылып отыр. Сол сияқты денсаулыққа орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ғана қалдыруы мүмкін. Ал азаптау үшін жазаның мерзімі 3 жылға дейін артады. Айыппұл мен бас бостандығын шектеу болмайды. Бірақ 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар қалады.
05 ақпан 2024 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930