Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа тың серпін

Тазалыққа тың серпін

Сенбіде дәстүрлі түрде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалық жұмысы өтті.
Аудан жұртшылығы жұмыла қатысқан сенбілік нәтижесінде біршама жер күл-қоқыстан тазарды.
Сенбілік таңғы сағат 09.00-де бір мезетте бастау алды. Аудан аумағындағы барлық елді мекендерде тұрғындар мен мекеме қызметкерлері көшелерді, саябақтарды және аяқ су арықтарын тазалауға белсене кірісті. Әсіресе, Әйтеке би кентінің шет аймақтарындағы бей-берекет үйілген қоқыстарарнайы полигондарға шығарылды.Бұл жолғы тазалық шарасы өзінің ауқымдылығымен ерекшеленді. Тазалық акциясына аудан бойынша 140 мекемеден 5900 адам мен 22 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12,5 тонна қоқыс шығарылды.
Экологиялық шараның барысын аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов арнайы аралап көрді. Жауапты тұлғаларға атқарылған жұмыстардың сапасын қадағалап, тазалықты тұрақты сақтау және санитарлық талаптарды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек бір күндік науқан емес, бұл біздің туған жерге деген құрметіміз бен экологиялық мәдениетіміздің көрінісі. Қазалылықтар бұл істе тағы да ауызбіршілік танытты.Айта кетейік, ауылдық округтерде де тазалық жұмыстары осы қарқынмен жалғасуда. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілмек.
Айнұр ӘЛИ
05 мамыр 2026 ж. 56 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031