Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны күрт артты

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны күрт артты

Жыл сайынғы өсім 35%-ға жетіп, ерте диагностика әсері байқалған.
Фото: istockphoto
Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны күрт артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Оның мәліметінше, қазіргі таңда елімізде психикалық бұзылыстар салдарынан мүгедектігі бар балалардың жалпы саны 32,4 мыңды құрайды.
Соның ішінде аутистикалық спектр бұзылысы бар балалардың саны 13,9 мың немесе 42,9%. Соңғы үш жылда аутизм салдарынан мүгедектігі бар балалар саны 7,6 мыңнан 13,9 мыңға дейін өсті, – делінген жауапта.
Жыл сайынғы өсім шамамен 35%-ды құрайды.
Сондай-ақ бұл көрсеткіштің артуы анықтау деңгейінің жоғарылауымен және ерте диагностика жүргізумен байланысты екені айтылды. Атап айтқанда, M-CHAT ерте скрининг жүйесінің енгізілуі әсер еткен. Бұған дейін аутистикалық спектр бұзылысы бар балалар статистикаға толық енгізілмей келген.
04 мамыр 2026 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31