Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде балалардың 54%-ы күйіктен қайтыс болады

Елімізде балалардың 54%-ы күйіктен қайтыс болады

Елімізде жыл сайын 200 мыңға жуық бала жазатайым жағдайға ұшырап, жарақат алады. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайлардың 1,2%-ы мүгедектікке әкеледі. Бұл туралы ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамада жазылған, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Бір жастан асқан балалар арасындағы жазатайым оқиғалар мен жарақат алу жиілігі төмендеген. Балалардың жартысына жуығы термиялық және химиялық күйіктен (54 %), қайтыс болса, механикалық асфиксиядан 26%-ы, қалған 20%-ы көлік апаты мен кездейсоқ құлап, өлім құшады, - делінген жобада.
Көбінесе үйінде қараусыз қалған балалар жарақат алады. Электр самокаттарды пайдалану кең үрдіс алуына байланысты олардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен балалар саны да өсті. Балалардың қатысуымен болатын көлік апаттарына көбіне олардың жол жүру ережелері сақтамауы себеп болады.
Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалар өлімінің маңызы бойынша екінші себеп – балалардың суға кетуі. Үш мыңға жуық ата-ана арасында іріктеп жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың шамамен жартысы суда болған кезде қауіпсіздік құралдарын қолданбайтынын көрсетті.
Соңғы жылдары психикалық дамуында ауытқуы бар, соның ішінде аутизммен ауыратын балалар саны өскен. Соңғы 5 жылда 1,7 есеге артқан. Ерте бастапқы диагностиканы жүргізу қажет екенін, сондай-ақ мамандардың психикалық денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру қажет, - делінген мәліметте.
Айта кету керек, 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2022 жылы кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен болатын көлік апаты 15 %-ға ұлғайды. Қайтыс болған балалардың саны 24 %-ға және жарақат алған кәмелет жасқа толмағандардың саны 20 %-ға көбейген.
12 мамыр 2023 ж. 194 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930