Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бөбектер үйіне түскен бала саны рекордтық деңгейге жетті

Елімізде бөбектер үйіне түскен бала саны рекордтық деңгейге жетті

Олар бөбектер үйінде 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады

Фото: istockphoto.com
Қазақстанда былтыр 12 айда бөбектер үйіне түскен балалар саны 8,5%-ға өскен, деп хабарлады turkystan.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2023 жылы балалар үйіне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық сәби жіберілді. Бұл – соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш.

Ол балалар бөбектер үйінде 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады. Шекті жас басталғаннан кейін балалар басқа мекемелерге – балалар үйіне, интернаттарға немесе арнайы медициналық мекемелерге ауыстырылады.

Жыл соңында балалардың саны шамалы өзгереді. Ұлттық статистика бюросы «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметінше, 2022 жылы осындай 701 бала, былтыр 711 бала болған. Жалпы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық жастағы кішкентай қазақстандықтардың саны соңғы бірнеше жылда 11,8% қысқарды.

2024 жылдың басында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің дерегінше, елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар. Ал 2019 жылы олардың саны 24,2 мың болған.
04 қазан 2024 ж. 211 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 31

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930