Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі жаңарды

Жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі жаңарды


Фото: depositphotos.com
Қазақстанда жол қауіпсіздігіне қатысты өлшеу құралдары мен бақылау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің бірлескен бұйрығы 2026 жылғы 27 сәуірде жарияланып, 8 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл өзгерістер жолдағы камералар мен жылдамдық өлшегіш құрылғылардың жұмысын нақтылап, олардың дәлдігін заңмен бекітеді. Яғни, жүргізушілерге салынатын айыппұлдар мен тіркелетін құқық бұзушылықтардың барлығы нақты өлшемдерге сүйеніп рәсімделеді.
Жаңа талаптарға сәйкес, көліктің жылдамдығын өлшеу мобильді немесе стационарлық құралдар арқылы сағатына 20-дан 250 шақырымға дейінгі аралықта жүргізіледі. Ал рұқсат етілетін қателік ±2 км/сағ-тан аспауға тиіс. Сондай-ақ, стационарлық камералар көліктің орташа жылдамдығын есептегенде де осы дәлдік сақталады.
Бұдан бөлек, жол бойындағы аппараттық-бағдарламалық кешендер (камералар) мемлекеттік нөмірлерді 10-нан 100 метрге дейінгі қашықтықта анық көріп, тіркей алуы керек. Бұл жүйелер жолда тоқтау немесе тұрақ ережесін бұзу, қызыл шамға өту, жол белгілерін сақтамау, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және маневр жасау тәртібін бұзу сияқты жағдайларды тіркейді. Мұндай өлшеулердің рұқсат етілген қателігі ±1 метрден аспайды.
Сонымен қатар, әрбір құқық бұзушылық тіркелген кезде камералардың орналасқан жері де нақты анықталуға тиіс. Бұл барлық құрылғы үшін міндетті талап болып саналады. Орналасу координаттарын анықтаудағы қателік ±10 метрден аспауы керек.
Жалпы, енгізілген өзгерістер жолдағы бақылау жүйесін жетілдіруге, өлшеулердің дәлдігін арттыруға және айыппұлдардың әділ рәсімделуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің жауапкершілігін күшейтіп, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Тізімнің толық нұсқасын келесі сайттан оқи аласыз.

03 мамыр 2026 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031