Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтар мопедті тіркеуге міндетті

Енді қазақстандықтар мопедті тіркеуге міндетті

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заң Қылмыстық кодекске және «Жол жүрісі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Қылмыстық кодекске мопедтерді «басқа механикалық көлік құралдары» ұғымына жатқызуға қатысты түзету ұсынылады. Осылайша,«Жол жүрісі туралы» заңға мынадай түзетулер енгізіледі:

«Орташа жүру жылдамдығы» ұғымы енгізіледі және оны есептеу тәртібі көзделеді (көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалады);
Осы ұғымды енгізу сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары орнатылған жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдық режимін асыру салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.
«Орташа жүру жылдамдығын» көрсетілген аспаптар мен құралдар автоматты түрде айналма жолдар жоқ жолдардың қала сыртындағы және түзу сызықты учаскелерінде ғана есептейді.
«Орташа жүру жылдамдығын» өлшеу кезінде құқық бұзушылықты тіркеу уақыты мен орны қолданыстағы құқық қолдану практикасына ұқсастық бойынша камералар арқылы анықталады.
2. Мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі.

Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопед тіркеуге жатады (қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын);
Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттарының болуы да мопедті басқару құқығын растайды деген норма көзделеді;
3. Қолданыстағы хабарлама тәртібінің орнына техникалық қарап-тексеру операторы қызметіне арналған рұқсат беру тәртібін енгізіледі.

Мопедтерді мемлекеттік тіркеуге, техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібіне көшуіне қатысты нормалар заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін құжатсыз мас күйде көлік басқарғандар жүргізуші куәлігін ала алмайтыны хабарланған еді.
19 қыркүйек 2024 ж. 74 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930