Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, бұршақ жауады: 2 мамырға ауа райы болжамы

Жаңбыр, бұршақ жауады: 2 мамырға ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді.

Фото: istockphoto.com
Қазгидромет 2 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бірқатар өңірде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді. Ал елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Еліміздің солтүстік және батыс бөліктерінде түнде үсік жүреді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус үсік болады.
Еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінде өрт қаупі жоғары, ауа райы құбылмалы болады. Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі жарияланды. Ал Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
01 мамыр 2026 ж. 126 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031