Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

7 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді.
«Қазгидромет» 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, әлі де, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С ыстық. Маңғыстау облысында 38-41°С ыстық болады.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының орталығында оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамыз 2023 ж. 284 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30