Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін робототехникадан әлем чемпионатында бақ сынауда

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін робототехникадан әлем чемпионатында бақ сынауда

Қазақстандық оқушылардан құралған делегация Хьюстон қаласында өтіп жатқан робототехника және инженерия саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі — FIRST Championship чемпионатына қатысуда. Бұл туралы newsroom.kz  оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін робототехникадан әлем чемпионатында бақ сынаудаФото: оқу-ағарту министрілігі
Биыл ел намысын Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан келген 225 оқушы қорғайды. Олар Астанада өткен Alem Tech Fest аясындағы Орталық Азия іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік додаға жолдама алған.
Өткен жылмен салыстырғанда делегация саны шамамен үш есеге артқан. Бұл елімізде робототехникаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
FIRST Championship аясында қатысушылар өз инженерлік жобаларын таныстырып, бірнеше кезеңнен тұратын матчтарда бақ сынайды және финалға шығу үшін күреседі.
02 мамыр 2026 ж. 264 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31