Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі аяқталды

Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі аяқталды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Алматыда өткен Daryn FIRST Qualifier 2026 робототехника фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Байқауға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық команда мен 1500-ден астам оқушы қатысты.
4 пен 18 жас аралығындағы қатысушылар екі күн бойы инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттарында білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша өтті.
2025-2026 оқу маусымының тақырыбы археологияға арналды. Қатысушылар мәдени мұраны сақтау, тарихи деректерді цифрландыру және археологиялық зерттеулерге арналған инженерлік шешімдер ұсынды.
Нәтижесінде 29 үздік команда Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатына жолдама алды. Халықаралық жарыс 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.
11 қаңтар 2026 ж. 277 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 125

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930