Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлмәмбет Әлішевті еске алуға арналған футболдан ашық турнир өтуде

Әлмәмбет Әлішевті еске алуға арналған футболдан ашық турнир өтуде

Бүгін Қазалы ауданында КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Әлмәмбет Әлішевті еске алуға арналған футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Әйтеке би кентіндегі Қазалы спорт клубында өткен турнирге аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Туған жердің өсіп өркендеуіне зор үлес қосқан ардақты азаматтың елге сіңірген еңбегі мен есімі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
-Биыл Сыр өңірінің рухани-мәдени және қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік дара қолтаңбасы қалған тұлға, есімі киелі Сыр өңіріне белгілі жазушы, публицист Әлмәмбет Әлішевтің дүниеге келгеніне 87 жыл. Осыған орай, бүгін арда азаматтың есімін есте қалдыру, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында ағамызды еске алуға арналған 2013-2014 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырлып отыр. Әлмәмбет ағамыз жазушы, журналист ретінде еліміздің экономикасы мен мәдени-рухани саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан қаламгер. Жыл сайын ауданымызда Әлмәмбет Әлішев есімін ұлықтау, ағамыздың еңбегін бүгінгі ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында спорт түрлерінен еске алу турнирлері, шығармашылық байқаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі турнирде жай ғана спорттық бәсеке емес. Бұл – ұлтқа қызмет еткен тұлғаның есімін ұлықтау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, елдік пен ерлікті, білім мен еңбекті дәріптеу алаңы. Әлмәмбет Әлішевтей тұлғалардың есімін осындай игі шаралар арқылы ұлықтау – ұлтқа қызмет етудің бір көрінісі, - деген аудан басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Туринирдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов сөз сөйлеп, Әлмәмбет Әлішұлының көзі тірісінде елге сіңірген еңбегі жайында естеліктермен бөлісті.
Облыстық турнирге қазалылық аяқдопшылармен бірге Қармақшы, Арал, Сексеуіл, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданынан барлығы 9 команда бақ сынауда.
18 сәуір 2026 ж. 110 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930