Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл балық шаруашылығын дамыту үшін 400-ден астам су айдыны бекітіледі

Биыл балық шаруашылығын дамыту үшін 400-ден астам су айдыны бекітіледі

Биыл балық шаруашылығын дамыту үшін 400-ден астам су айдыны бекітіледі. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.
Фото: pexels
- Балық шаруашылығын тұрақты дамыту, мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру және балық өнімдері айналымын бақылауды күшейту мақсатында Үкімет жүйелі шаралар кешенін іске асырып жатыр. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекіту бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады, - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр дерегінше, бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны бар. Олар 368 учаскеге бөлінген. Оның ішінде 270 учаске 127 пайдаланушыға бекітілген. 98 учаске әлі бекітілмеген күйінде қалып отыр.
- 2025 жылы аквашаруашылық пен агроөнеркәсіптік кешенді реттеуді жетілдіруге бағытталған Заң қабылданды. Оны дамыту аясында балық шаруашылығы су айдындарын бекіту бойынша конкурстар өткізудің жаңартылған қағидалары бекітілді. Осылайша, биыл балық шаруашылығын және аквашаруашылықты дамыту үшін 400-ден астам су айдыны мен учаскені бекіту жоспарланған. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер басталып кетті, - деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін елімізде балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске қосылғанын жазған едік.

29 сәуір 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930