Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің ЖОО-ларында 700-ге жуық оқу бағдарламасы тоқтатылады

Еліміздің ЖОО-ларында 700-ге жуық оқу бағдарламасы тоқтатылады

Еліміздің ЖОО-ларында 700-ге жуық оқу бағдарламасы тоқтатыладыФото: freepik
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары оқу орындарында шамамен 700-ге жуық білім беру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеді. Себебі олардың мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес келмей, ескірген деп танылған, деп хабарлайды kznews.kz.
Министрдің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі enbek.kz платформасы арқылы 73 мыңнан астам кәсіпорынға сауалнама жүргізген. Соның нәтижесінде алдағы жылдары зейнетке шығатын қызметкерлер мен еңбек нарығына енді қосылатын жас мамандар туралы толық деректер жинақталған.
Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен өзектілігін жоғалта бастаған кәсіптер де анықталған.
"Қазіргі уақытта 8500-ге жуық оқу бағдарламасына сараптама жүргізілуде. Бұл жұмыс 1-2 апта ішінде аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде шамамен 700 білім беру бағдарламасын жабу қажет болады. Мұндай шешімнің салада белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін. Кейбір ректорлар мен профессорлар ондаған жыл бойы оқытылып келген бағдарламалардың жабылуына қарсылық білдіруі ықтимал. Дегенмен жүргізілген толық аудит нәтижесінде бұл бағдарламалардың мазмұны ескіргені және сапа талаптарына сай келмейтіні анықталды", - деді министрь Мәжілістенгі Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта оқып жатқан студенттер өз оқу бағдарламаларын толық аяқтап шығады. Алайда бұл мамандықтарға бұдан былай жаңа талапкерлер қабылданбайды және олар біртіндеп жабылады.
Саясат Нұрбектің мәліметінше, аталған өзгерістерге қатысты жұмыстар осы жылы басталмақ.
27 сәуір 2026 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930