Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандықтар мен қызметтерді атады

Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандықтар мен қызметтерді атады

Еңбек министрлігі қазір нарық сұранысына ие мамандықтар мен қызметтерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде арнайы орталық еңбек нарығына талдау жүргізеді. Соның нәтижесінде ай сайын ел аумағында қандай мамандықтарға сұраныстың бары анықталады. Қазір алдымен гуманитарлық сала мамандықтары, қызмет көрсету және IT мамандары сұранысқа ие. Біз 2030 жылға қарай орта мерзімге еңбек нарығына талдау жасаймыз. Сол арқылы ТОП-10 мамандық иесі анықталады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде жұмыс іздеп, табудың заманауи түрлі әдістері бар.
«Пандемиядан кейін жұмыс форматтары өзгерді. Мысалы, онлайн жұмыс, фрилансер, жарты күндік жұмыс, курьерлік және такси қызметі. Жыл санап еңбек нарығының аясы кеңейіп келеді», - дейді ол.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың мәлімдеуінше, экономиканың шамамен 8 саласына бағалау жүргізілді.
Айтуынша, 200-ге жуық жаңа кәсіп, 100-ге жуық трансформациялаушы кәсіп анықталды. Сондай-ақ алдағы жылдары жоғалып кететін кәсіптер белгілі болды.
20 қыркүйек 2023 ж. 239 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 171

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031