Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кадр тапшылығы мен еңбек нарығы арасында алшақтық анықталды

Қазақстанда кадр тапшылығы мен еңбек нарығы арасында алшақтық анықталды

Экономика сұранысы технологиялар мен жасанды интеллект бағытына ауысып жатыр.
Фото: pexels
Қазақстанда 73 мың кәсіпорын арасында жүргізілген сауалнама ресми кадр қажеттілігі мен экономиканың нақты сұранысы арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің айтуынша, зерттеу Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева тапсырмасы бойынша елдің барлық өңірінде жүргізілген.
Сауалнама нәтижелері жүйелі тәуекел бар екенін көрсетіп отыр. Бір жағынан – қазіргі құрылымды сақтайтын формалды сұраныс, екінші жағынан – технологиялар мен жасанды интеллект бағытына ауып жатқан экономиканың нақты сұранысы, – деді министр.
Сауалнама деректеріне сәйкес, жоғары білімді кадрларға деген сұраныс мынадай үлесте бөлінген: білім беру – 44,8%, қызмет көрсету – 10,3%, ауыл шаруашылығы – 6,6%, мемлекеттік басқару – 6,1%, денсаулық сақтау – 5,8%.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың негізгі қажеттілігі техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға, яғни колледж түлектеріне тиесілі.
Негізгі басымдық – білім экономикасына көшу. Бұл ретте халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті мамандар үлесі 25%-ды құрауы тиіс. Ал жалпы кәсіпорындардағы жұмыс орындарының 75%-ын орта буын мамандары иеленуі керек, – деді Саясат Нұрбек.
Министр ірі бизнес өкілдері жасанды интеллектті енгізіп, өз зерттеу орталықтарын ашып жатқанын да атап өтті.
Қазіргі таңда еліміздің 19 жоғары оқу орны базасында ірі компаниялардың қатысуымен 75 бірлескен зертхана құрылған. Олардың қатарында Amazon Web Services, Cisco, Eurasian Resources Group, Freedom Holding Corp., Huawei, Schneider Electric, KEGOC және Honeywell бар.
Бұл зертханалар базасында 7 600 студентке арналған 179 пән оқытылады. Бизнес тарапынан салынған инвестиция көлемі 2,4 млрд теңгені құраған.
Алайда министр мұндай ынтымақтастық мысалдары әзірге аз екенін атап өтті.
Егер бұл алшақтық жойылмаса, білім беру жүйесі кешегі экономиканың кадрларын даярлай береді. Сондықтан білім беру мен еңбек нарығын үйлестіру – тек оқыту емес, экономикалық қауіпсіздік мәселесі, – деді министр.
Оның сөзінше, түлектердің қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен бизнес арасындағы байланыс күшейтілуі қажет.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді. Мәжілісте жоғары білім жүйесін жаңғырту мен жаңа мамандықтарға сұраныс мәселесі көтерілді.
Белгілі болғандай, Қазақстанда жаңа кәсіптер атласы толық әзірленді. Жоба аясында 27 сала қамтылып, 1750-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.
27 сәуір 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930