Арықтарға аяқсу жіберілуде
Әйтеке би кентіндегі аяқсу арықтарына су жіберіліп, көше бойындағы ағаштарды, тұрғын үйлердің аулаларындағы бау-бақшаларды суару жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аяқсу арықтары арқылы суландыру жүйесін көріп, су жіберу жұмыстарын бақылады.Қазіргі таңда орталық Әйтеке би көшесіндегі аяқсу арықтары арқылы Желтоқсан және В.Счастнов көшелеріндегі аяқсу арықтарына арнайы мотордың көмегімен су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кент әкіміне биылғы егілген көшеттерді уақытылы суару, гүлдерді күтіп-баптау, сондай-ақ кент ішіндегі өзге де аяқ су арықтарына су жеткізу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін жеткізді. Бұл жұмыстар кенттің көркеюіне, экологиялық ахуалдың жақсаруына және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға оң әсерін тигізетінін ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі













