Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген ипотека: Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлері баспанамен қамтылады

Жеңілдетілген ипотека: Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлері баспанамен қамтылады

«Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Жеңілдетілген ипотека: Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлері баспанамен қамтылады
Фото: iStock
Жаңа электр стансаларын салу және қолданыстағы генерациялаушы қуаттарды жаңғырту жобаларын іске асыру энергетика саласының кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуды талап етеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қазіргі уақытта генерация секторында бірқатар құрылымдық мәселелер байқалады, оның ішінде қызметкерлердің орташа жасының жоғары болуы, білікті мамандар тапшылығы және заманауи цифрлық технологиялар мен автоматтандыру саласында құзыреттері бар жас мамандардың жеткіліксіз келуі бар.
Осыған байланысты кадрлық ресурстарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Негізгі бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін қайта даярлау және оқыту бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда, оның ішінде заманауи басқару жүйелерімен жұмыс істеу, цифрлық технологиялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық стандарттар бойынша білім беру көзделген.
Сонымен қатар энергетика саласының тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс күшейтіледі. Атап айтқанда, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік пакетін дамыту бойынша шаралар қарастырылған.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін «Отбасы банк» АҚ-ның «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.
Аталған шараларды іске асыру жас мамандарды тартуға, кадрлардың біліктілік деңгейін арттыруға және жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты кадрлық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
28 сәуір 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930