Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллект бойынша меморандумға қол қойылды

Жасанды интеллект бойынша меморандумға қол қойылды

Фото: Цифрлық даму министрлігі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасандыинтеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттарының бірі - кәсіби әлеуетті, оның ішінде жасанды интеллект бағыты бойынша дамыту. Бұған қоса, «Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеу қағидалары, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша ақпарат алмасуды, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша консультацияларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әлемдік жетекші компанияларда IT және ЖИ саласындағы мамандардың кәсіби тағылымдамаларына ерекше назар аударылатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектті жедел дамыту және пайдалану мәселесін бірнеше рет көтергенін атап өту қажет. Осыған байланысты, ЖИ саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру елдің кадрлық әлеуетін дайындауға және дамытуға үлес қосады.

Меморандумға сәйкес тараптар инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру, инновациялық даму және аэроғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге келісті.
28 маусым 2025 ж. 259 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031