Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа жеңілдетілген ипотека жарияланды: ол кімдерге арналған

Қазақстанда жаңа жеңілдетілген ипотека жарияланды: ол кімдерге арналған

Фото: pixabay.com
Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жоба бекітілді. Бұл жоба аясында жаңа жеңілдетілген ипотека іске қосу қарастырылған, деп хабарлайды El.kz.
Үкіметтің ресми сайтында хабарланғандай, Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулы 2030 жылға дейінгі Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік стратегиясын айқындайды.
Құжат индустрияландыру мен цифрлық экономиканың дамуы аясында күрт өсіп отырған базалық қуат тапшылығын жоюға бағытталған.
«Ұлттық жоба аясында 7,8 ГВт қуатты іске қосу және жаңарту жоспарланған. Сегіз жаңа энергия көзі салынады. Олардың қатарында Екібастұз, Курчатов және Жезқазған қалаларындағы ірі нысандар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында заманауи жылу электр орталықтары бой көтереді. Сонымен қатар Ақсу ГРЭС-і, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергия торабын қоса алғанда, 11 қолданыстағы станцияға терең жаңғырту жүргізіледі. Бұл 2030 жылға қарай саладағы негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 12,6%-ға төмендетуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жобаларды іске асыру бюджеттен тыс қаражат есебінен, яғни инвестициялар тарту арқылы қаржыландырылады. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 7,5 трлн теңгені құрайды.
Ұлттық жобада экологияға және «таза көмір» технологияларын енгізуге ерекше назар аударылған. Жаңа құрылыс нысандары тек заманауи технологиялық шешімдерді қолдана отырып салынбақ, бұл зиянды шығарындыларды едәуір азайтады.
Сонымен қатар жоба саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
«Жаңа жұмыс орындарын құру қарастырылған, оның ішінде шамамен 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары іске қосылады. “Отбасы банкпен” бірлесіп көмір электр станцияларының қызметкерлері үшін жеңілдетілген ипотека енгізіледі. Бұдан бөлек, салалық жоғары оқу орындары базасында мамандарды жүйелі даярлау және біліктілігін арттыру көзделген», – делінген үкімет хабарламасында.
Бұдан бөлек, жаңартылған энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жоба тау-кен және көлік салаларымен үйлестірілген.
2030 жылға қарай энергетикалық көмірге қосымша сұраныс жылына шамамен 20 млн тоннаны құрайды деп күтілуде.
Осы мақсатта жоба жүк вагондары паркін кеңейтуді (тәулігіне қосымша 600 вагон), теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды және ішкі қажеттіліктер үшін отын тасымалына болжамды тарифтік дәліздерді енгізуді қарастырады.
25 наурыз 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031