Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда колледждерге ҰБТ нәтижесі бойынша қабылдау жүргізілуі мүмкін

Қазақстанда колледждерге ҰБТ нәтижесі бойынша қабылдау жүргізілуі мүмкін

Жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады
Фото: depositphotos.com
Ұлттық бірыңғай тестілеу куәлігі жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждерге де түсу үшін қажетті құжат ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады.

«Бұл ретте ҰБТ жоғары оқу орындары мен колледждерге грант беру тетігі ретінде болу мүмкіндігі бар. Оқу нәтижелерінің жоғарылауына сәйкес синхрондалған білім беру бағдарламалары колледж түлектеріне жоғары білімді жеделдетілген курста (2 жыл) жалғастыруға және жоғары біліммен еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, осындай икемді тәсіл жастардың мансаптық жолын жүйелеп, еңбек нарығына шығудың балама әдістерін қалыптастырады.

«Сонымен қатар микробіліктілік пен minor-бағдарламаларды енгізу студенттерге жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті аралас салаларда біліктілікті игеруге мүмкіндік береді», – деді министр.

11 қыркүйек 2024 ж. 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031