Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кадр тапшылығы сезіліп жатқан негізгі сегіз сала аталды

Қазақстанда кадр тапшылығы сезіліп жатқан негізгі сегіз сала аталды

Фото: freepik.com
Қазақстанда экономиканың сегіз бағыты бойынша маман тапшылығы сезіліп жатыр. Мұны Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап елде QS (Quacquarelli Symonds) компаниясымен бірлесіп зерттеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар HolonIQ платформасы қолданылып, ол талдау жасап қана қоймай, экономиканың қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің алғашқы кезеңі еңбек нарығындағы негізгі сұраныс төрт бағытқа шоғырланғанын көрсетті. Олар: деректер, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.
Сонымен қатар жаңа қабат қалыптасып келеді. Бұл салалық білім мен жасанды интеллектіні біріктіретін гибридті мамандықтар.
“Талдау нәтижесінде Қазақстанда негізгі сегіз бағыт бойынша маман тапшылығы бары анықталды. Ол озық өндіріс, цифрлық технологиялар,таза энергетика, қаржы қызметтері, өмір туралы ғылымдар, қорғаныс, креативті индустриялар және кәсіби қызметтер”, – деді министр.
Жобаның келесі кезеңі студенттерге арналған Learner Platform және жоғары оқу орындарын тексеруге арналған Insights Platform жүйелерін енгізуге бағытталған. Бұл жұмыс төрт университет базасында пилоттық режимде басталады.
“Біздің мақсат жаппай оқытудан деректерге негізделген жеке оқытуға көшу. Бұл мемлекетке кадр саясатын нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік береді”, – деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі ең "қымбат" мамандарды атағаны туралы жазған едік.
27 сәуір 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930