Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2029 жылға дейін 1 млн адам ЖИ білімін меңгереді

2029 жылға дейін 1 млн адам ЖИ білімін меңгереді

Фото: baq.kz
el.kz Жасанды интеллект бүгінде тек технологиялық тренд емес, жаһандық экономиканың жаңа бағытына айналып отыр. Әлем елдері бұл саланы дамытуға басымдық беріп жатқанда, Қазақстан да шет қалмай, цифрландыру мен ЖИ бағытында нақты қадамдарға көшті. Елімізде ұлттық концепция қабылданып, заңнамалық база қалыптасып жатыр. Бұл – технологиялық трансформацияның жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.

Жасанды интеллектті дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құзырындағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Ведомство құрылымындағы ЖИ және дамыту комитеті бұл саланы жүйелі түрде ілгерілетіп келеді. Комитет төрағасының орынбасары Мирас Закиев елімізде жасанды интеллектке ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Жасанды интеллект әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде де осы салаға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ұлттық концепция күшіне енді. Қазіргі таңда ЖИ бойынша заң жобасы әзірленіп, Мәжіліс қарауына жіберілді. Сонымен қатар eGov.kz платформасына жасанды интеллект енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. БҰҰ рейтингінде eGov.kz 24-орында, ал онлайн қызмет көрсету бойынша 10-орында тұр. Яғни елімізде цифрландыру жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр, – деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллект тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, бизнес секторда да дамып келеді. Қазірдің өзінде ЖИ технологияларымен жұмыс істейтін компаниялар қалыптасып, жаңа цифрлық экожүйе пайда бола бастаған. Сонымен қатар елдегі ІТ саласының ауқымы да кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстанда ІТ саласында 180 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл – цифрлық экономиканың нақты қалыптасып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Алайда сарапшылардың пікірінше, ең өзекті мәселенің бірі – кадр тапшылығы. Технология қанша дамығанымен, оны іске асыратын білікті мамандар болмаса, нәтиже де шектеулі болады. Сондықтан білім беру жүйесін уақыт талабына бейімдеу – басты міндеттердің бірі.

Маман тапшылығы әрқашан болады. Нарықты уақытында толтыру үшін мектептер мен арнайы бағдарламаларды дамыту қажет. Біздің есебіміз бойынша, 2029 жылға қарай жасанды интеллект бойынша білімі бар 1 млн азамат даярланады, – деді Мирас Закиев.

Бұл көрсеткіш тек кәсіби мамандарды ғана емес, ЖИ дағдыларын меңгерген кең ауқымды аудиторияны қамтиды. Яғни алдағы жылдары жасанды интеллект элементтері көптеген мамандықтың ажырамас бөлігіне айналмақ. Сондай-ақ мемлекет ІТ компаниялардың санын арттыруға да басымдық беріп отыр. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.
06 сәуір 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930