Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау 35 пайызға дейін өсті

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау 35 пайызға дейін өсті

Фото: istockphoto.com
Қазақстанда скринингтік бағдарламалар жаңғыртылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министр бүгінгі таңда онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлығына қолжетімді екенін атап өтті. Сондай-ақ, инсультті ерте анықтауға арналған жаңа скрининг енгізілді. Бұл қосымша 300 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді.
«Скрининг қорытындысы бойынша 320 мың адам динамикалық бақылауға алынды. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау 35%-ға дейін өсті, тиімді зерттеулермен қамту 4%-дан 38%-ға дейін артты», — деді Ақмарал Әлназарова.
Ведомствоның мәліметінше, елімізде инсульт орталықтарының желісі қарқынды дамып келеді, бүгінгі таңда 85 заманауи орталық бұл қажеттілікті толығымен жауып отыр.
Инфаркт кезінде көмек көрсетуге арналған «алтын сағат» қағидатын сақтауды қамтамасыз ететін 48 коронография орталығы жұмыс істеп тұр. Мұндай орталықтар ауыл деңгейінде де ашылуда.

21 сәуір 2026 ж. 333 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31