Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау: профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілген

Ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау: профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілген

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі үш есеге артты. Бұл халықтың жоғары технологиялық және қымбат қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Енді барлық медициналық көмек нақты екі бөлікке бөлінеді: ел тұрғындарының барлығына мемлекет толық кепілдік беретін базалық пакет және сақтандырылған азаматтарға арналған кеңейтілген сақтандыру пакеті.
«Ең көп таралған әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді. Биылдан бастап 50 жастан асқан ер адамдар үшін қатерлі ісіктерді, жүрек-қан тамырлары ауруларын және ми қан айналымының жіті бұзылыстарын ерте анықтау үшін скринингтің жаңа түрлері енгізіледі. Әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдықты деген күдік туындаған жағдайда тексерулер осы заң аясында барлығына да қолжетімді болады»,
— деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Осылайша, реформа қызметтердегі түсінбеушілікті жойып қана қоймай, бүкіл халық үшін ауруларды ерте анықтау мен алдын алуға басымдық беріледі.
20 тамыз 2025 ж. 213 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930