Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтайтын скринингтің жаңа түрі пайда болады

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтайтын скринингтің жаңа түрі пайда болады

istockphoto
Денсаулық сақтау министрлігі өкпе обырын ерте анықтауға арналған скринингтің жаңа түрін енгізуді жоспарлап отыр.
"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізілмек. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау бойынша мақсатты топ ауқымы кеңейтілмек.

"Өзгерістер енгізу мақсатты топтарды нақтылау және скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібін жетілдіру арқылы онкологиялық ауруларды, ең алдымен өкпе обырын ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Профилактикалық тексерулермен қамту мен ауруларды ерте анықтау үлесі артады. Мемлекетке нысаналы жас және тәуекел топтарындағы қараусыздық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасында.

Нәтижесінде скринингтің қолжетімділігі жақсарады, халықтың хабардар болу деңгейі артады, дейді министрлік.

Жоба биылғы жылдың 17 желтоқсанында жарияланып, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауда болады.

19 желтоқсан 2025 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031