Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде су үнемдеу технологиялары қандай нәтиже берді

Елімізде су үнемдеу технологиялары қандай нәтиже берді

Су тұтыну артатын кезеңде су ресурстарын ұтымды пайдалану – Су ресурстары және ирригация министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта ведомство экономиканың түрлі салаларында суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеп, қабылдап жатыр.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Былтыр жаңа Су кодексі қабылданды. Бұрынғы редакцияда су қаржылық пайда табу құралы ретінде қарастырылса, енді ол экожүйенің маңызды бөлігі ретінде айқындалды.

Су нысандарының сарқылуын болдырмау мақсатында «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл - өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйесін сақтау үшін қажетті судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі. Өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жаңа Су кодексі 7 жыл ішінде қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу талаптарын бекітті. Оның ішінде 2 жыл дайындық кезеңіне, ал 5 жыл жоспарларды іске асыруға беріледі.

Сонымен қатар айналымды және қайталама сумен жабдықтауға көшу жоспарлары орындалмаған жағдайда, рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқартуды көздейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылданып жатыр.

Министрлік мәліметінше, егіс құрылымын әртараптандыру мақсатында ылғалды көп қажет ететін дақылдардың көлемін қысқарту бойынша нысаналы индикаторлар белгіленді.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Суару суын пайдалану қағидалары бекітіліп, онда өсірілетін дақылдарды өз бетінше ылғалды көп қажет ететін түрлерге ауыстырған немесе тиісті келісімшартсыз су пайдаланған жағдайда су тарифтерін арттыру көзделген. Су тұтынушыларды қолдау бойынша мемлекеттік шаралар енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар су тарифінің құнына байланысты суару суына берілетін субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданған жағдайда субсидия көлемі 60%-дан 85%-ға дейін артады. Сонымен қатар суару суын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, субсидияланатын технологиялар тізіміне лазерлік жоспарлағышты қосу, жерасты суын көтеруге жұмсалатын электр энергиясы шығындарын өтеу, сондай-ақ ылғал жинақтаушы суару мен сор топырақты шаю жұмыстарын субсидияланатын бағыттарға енгізу жоспарланып отыр.

2026-2028 жылдарға арналған кезеңде су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға бөлінетін қаржы көлемі алдыңғы үшжылдықпен салыстырғанда төрт есеге арттырылып, 214,6 млрд теңге болды. Ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге бөлінді.

Қабылданған шаралар қазірдің өзінде нәтижесін беріп жатыр.

Мемлекеттік қолдау Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын бес есеге жеделдетуге мүмкіндік берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай технологиялар қолданылған алқап көлемі 543,5 мың гектар болып, 874 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бұған дейін Қазақстанда су үнемдеуге арналған ТОП-3 технология туралы жазған болатынбыз.

21 сәуір 2026 ж. 37 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930