Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза Қазақстан" акциясы аясында киелі орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді

"Таза Қазақстан" акциясы аясында киелі орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді


Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті.


Акция аясында аудан орталығындағы Жанқожа баба кесенесінде арнайы шара өткізіліп, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық акциясының маңызы жайында сөз қозғады.


Бүгін, еліміздің барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес киелі орындарға тазалық шараларын жүргізу мақсатында ерекше шаралар ұйымдастырылуда. Қазалылықтарда «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясына өз үлестерін қоспақ. Қазыналы Қазалы ауданы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар көптеп орналасқан өңірлердің қатарына жатады. Бүгін барша жерлестеріміз жалпыхалықтық акция аясында аудан аумағында орналасқан киелі Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Жалаңтөс баһадүр алаңы, Әйтеке би ескерткіші, Қазалы мәдени-демалыс кешенірдегі «Тағзым» алаңы, Қызылқұм ауылдық округіндегі Сараман-Қоса мұнарасы және аудан аумағындағы өзге де киелі орындар мен зираттар аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, игі іске атсалысуда. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында аудан орталығы мен елді мекендерде 30-дан астам кең ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары барысында жол бойындағы бордюрлерді, бағаналарды, қоршауларды әктеу, сырлау, аяқ су арықтарын тазарту, көшелер бойын көгалдандыру, ағаш егу, ретсіз өскен шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығы Әйтеке би кентінде 100 дана қоқыс жәшігі сатып алынса, аудан орталығындағы көше атауы берілген азаматтардың ұрпақтарының демеушілігімен 80 дана қоқыс жәшігі алынып, тұрғын үйлерге орналастырылды. Жүргізілген тазалық жұмыстары нәтижесінде жыл басынан бері 5600 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Ал, тазалық шаралары аясында аудан бойынша биыл барлық елді мекендер бйоынша 3000-ға жуық ағаш көшеттері егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аудан халқын қоршаған ортаның тазалығына шақыру мақсатындағы бұл жұмыстар одан әрі жалғаса беретін болады, - деді аудан басшысы.


Жанқожа баба кесенесінде өткен шарада алдымен баба рухына арнап құран бағышталып, құрбандық шалынды. Мұнан кейін тазалық шаралары басталып, кесене аумағы толықтай тазартылып, ағаштардың түбі, бордюрлар әктелді. Кесене аумағы сыпырылып, қоқыстар жиналып, аяқ су арықтарына су жіберілді. Кесененің іші-сырты жуылып, тазалық жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Аудан әкімі мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен баба кесенесі аумағына ағаш көшеттері отырғызылды.


Ауданда тазалық акциясы мұнан бөлек Өркендеу ауылдық округіндегі көне Жанкент қалашығы аумағында, аудан орталығындағы Жалаңтөс баһадүр алаңында, Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерде, Әйтеке би ескерткіші аумағында және аудан көлеміндегі басқа да киелі орындар мен зираттарда ұйымдастырылды.

Игі шараға зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ел ағалары, ардагерлер, жастар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Жалпы, бүгінгі аудан аумағындағы
киелі орындарда жүргізілген тазалық жұмыстары барысында
19 сәуір 2026 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930