Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы Азия ойындарында қоланы жүлделеді

Жазғы Азия ойындарында қоланы жүлделеді

Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Жазғы Азия ойындарынан ақ жолтай жаңалық жетті.
Аспан асты елінде жерлесіміз, дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде еншіледі.
Шешуші сәтте өзбекстандық Мусо Собировтан айласын асырған Абылайхан Қазақстан қоржынына төртінші қола жүлдені салып берді.
– Бұл жеңіс – Қазалы халқының ғана емес, тұтас Қазақ елінің жетістігі. Абылайханның бұл жүлдесі – Қызылорда облысының – 85 жылдығына және Қазалы ауданының – 95 жылдығына тамаша тартуы деп білемін. Абылайханды керемет жетістігімен шын жүректен құттықтап, аудан намысын байрақты бәсекелерде қорғайтын намысты спортшылар қатары көбейе берсін деген тілектеміз, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
Айта кетейік, аудан мақтанышы жыл басынан бері Грузия мемлекетінде өткен “GRAND SLAM” бәсекесінде күміс жүлдеге және Моңголия еліндегі “GRAND SLAM” додасында қола жүлдеге ие болды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 қыркүйек 2023 ж. 329 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031