Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бозкілемнің барысы

Бозкілемнің барысы

Самат Қобыландыұлы – қазақ күрес мектебінің абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүрген майталман спортшы, білікті педагог және ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері.
Бүгінде №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде шәкірт тәрбиелеп, өңірдегі спорттың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ол спортқа қадамын 10 жасында бастап, күрес өнерін таңдады. Осылайша өзін жылдар бойы шыңдап, табандылық пен қажырлы еңбектің үлгісін көрсетті.
Шымыр білекті балуан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің спорт факультетіне түсіп, 2002 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын оқу орнын бітірген соң сол университетте оқытушы болып бастады. 2003 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін туған жері Қазалыдағы №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарып келеді.
Самат Оспановтың ардагерлер арасындағы спорттық жетістіктері бір төбе. Ол ересек жаста да бабын жоғалтпай, әлемдік деңгейде биік белестерді бағындырған тұлға. Болгарияда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленсе, Греция мен Венгрияда қоланы тағынды. Астанада ұйымдастырылған ҚР чемпионаты мен Алматыда өткен Халықаралық турнирде алтынға қол жеткізді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Ресейдегі Халықаралық жарыстарда да жеңімпаз атанды. Қарағанды қаласында өткен Азия чемпионатында Дзюдодан күміс пен Қазақ күресінен қола медалін кеудеге тақты.
Жақында Түркістандағы Қазақстан чемпионаты Қазақ күресінен қоланы тақты.
Кәсіби мансабындағы негізгі жеңістеріне тоқталсақ, 2000-2002 жылдары Шымкент қаласында ересектер арасында өткен облыс біріншіліктерінің үш дүркін чемпионы атанды. 2001 жыл М.Сапарбаев атындағы халықаралық турнирдің 3-орын иегері және Студенттер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері болды.
2008-2009 жылдары Атырау қаласында ересектер арасындағы республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иемденіп келді.
2022 жылы Болгариядағы әлемдік додада көрсеткен үздік нәтижесі үшін «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді. Оның бапкерлік еңбегінің жемісі шәкірттері. Білікті маманның тәлімгерлігімен бірнеше «Спорт шебері» және республикалық деңгейдегі чемпиондар шықты.
Атап айтқанда, Сүлеймен Айдос ҚР чемпионатының жеңімпазы, ҚР спорт шебері, ересектер арасындағы күміс және қола жүлдегер атағына қол жеткізді. Бұғыбай Ардақ ҚР спорт шебері, халықаралық турнирлер мен «Ауыл спортшылары» ойындарының жеңімпазы. Наурыз Абибуллаев ҚР Спартакиадасының жеңімпазы, Түркия мен Грузиядағы халықаралық турнирлердің жүлдегері. Жағалов Ақтілек Жасөспірімдер мен жастар арасындағы ҚР чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Сүлеймен Олжас, Іздік Алихан, Серік Раухан, Сахи Ербол, Жолдас Ернар – Республикалық турнирлер мен ҚР чемпионаттарының жүлдегерлері.
Самат Қобыландыұлы спорттағы жетістіктерімен жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі және отансүйгіштік қасиетімен дараланатын тұлға. Оның бапкерлік жолындағы қажырлы еңбегі Қазалы ауданы мен Қазақстан спортының дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
18 сәуір 2026 ж. 30 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 31

Көптен күткен игілік

18 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930