Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарасора - 2025: есірткіге қарсы күрес қатаң бақылауда

Қарасора - 2025: есірткіге қарсы күрес қатаң бақылауда

1 маусым күні республика көлемінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын. 4 айдың түйіні бойынша барлығы 141 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 58 дерегі есірткі өсіру, 7 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі есірткі психотроптық заттарды тұтынуға көндіру, 2 дерегі есірткі жарнамалау және 73 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Бұл туралы облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Біржан Багисов айтты.
- Іс-шараға барлығы 93 қызметкер, 7 қызметтік іздестіру иті, 28 автокөлік техникасы жұмылдырылды. Облыс аумағында 6 мобильді бекет қызмет атқаруда. Заңсыз айналымнан 1 т. 540 кг есірткі заты, оның ішінде 1 т. 382 кг сора өсімдігі, 146 кг. 364 гр марихуана, 3 гр гашиш, 8 кг. 618 гр көкнәр өсімдігі, 2 кг. 663гр синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам ұсталып, оның 22 қамаққа алынды. Әскери тік ұшақ техникасымен 26 мәрте әуеден шолу жүргізіліп есірткі өсірудің 20 дерегі анықталды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 25 дерегі анықталды,- деді Біржан Бабырұлы.

Айта кетейік, «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.
01 қазан 2025 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031