Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлердің құқығын қорғауды ұсынды.
Яндекс такси
Фото: freepik.com
Сенатор келтірген мәліметке сәйкес, елімізде шамамен 394 мыңға жуық адам онлайн-платформалар (Яндекс, Indriver) арқылы белсенді еңбек етеді, жұмыспен қамтудың негізгі үлесі тағам жеткізу мен такси саласына тиесілі.
Бұл ретте депутат бұл қызметкерлердің құқықтық мәртебесі әлі де толық айқындалмай келе жатқанын атап өтті
«Біріншіден, платформалар салық агенті ретінде төлемдерді уақытылы ұстағанымен, техникалық қателіктер салдарынан азаматтарға негізсіз берешектер мен өсімпұлдар есептеліп жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, 20 мыңнан астам орындаушы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің (салық, әлеуметтік төлемдер) дұрыс жұмыс істемеуінен зардап шеккенін жеткізуде», – дейді Бибігүл Жексенбай.
Екінші мәселе ретінде ол орындаушылардың тәуелсіз серіктес ретінде тіркелгеніне қарамастан, іс жүзінде жұмыс кестесі, тариф, рейтинг бойынша алгоритм арқылы қатаң бақыланатынын алға тартты.
«Бұл еңбек қатынастарының нақты белгілері болса да, азаматтар демалыс, еңбекке жарамсыздық парағы және еңбек қауіпсіздігі сияқты базалық кепілдіктерден тыс қалған», – дейді депутат.
Сондай-ақ, Сенат депутаты нақты еңбек нормалары мен ең төменгі жоғарылатылған сағаттық төлемнің жоқтығанан такси жүргізушілерінің күніне 12, 14, 16 сағатқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр екеніне назар аударды. Әсіресе қалааралық алыс жолдарда такси жүргізушілер шамадан тыс шаршағандықтан, ұйқыны басу үшін энергетикалық сусындарды жиі тұтынатыны белгілі. Бұл олардың денсаулығына ғана емес, жол қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.
Бұған қоса Бибігүл Жексенбай платформалар азаматтардың жұмыс жасауға арналған интернет аккаунттарын ескертусіз бұғаттайтынын, бұл шешімге шағымдану мүмкін емес екенін қосай айтты.
Бұл мәселелерді шешу үшін депутат Үкімет басшысына мынандай ұсыныстар білдірді:
  • ақпараттық қателіктерден туындаған барлық негізсіз берешектер мен өсімпұлдарды автоматты түрде жою тетігін енгізу;
  • салықтық жүктемені жеңілдету үшін әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде жанармай, көлік жөндеу шығындарын шегеру әдістемесін қарастыру;
  • платформалық жұмыстың ерекшеліктерін ескеретін жеке заңнамалық акт әзірлеу, онда тәуелсіз қызметкер мәртебесін бекітіп, жүргізушілердің демалыс уақытын заңнамалық деңгейде реттеу және ең төменгі жоғарылатылған сағаттық төлем стандарттарын енгізу;
  • жол-көлік оқиғалары мен жарақаттар мәселесін платформалармен бірлесіп қарастыру;
  • платформалармен бірлесе отырып, орындаушыларды жұмыс кезіндегі жазатайым оқиғалардан (жол-көлік оқиғасы, жарақат) міндетті ұжымдық сақтандыру жолдарын қарастыру 
  • платформаларды тапсырыстар беруу қағидаларын ашуға және аккаунтты бұғаттау шешімдерін адамның қатысуымен қайта қарау мүмкіндігін қарастыру;
  • осы саладағы дауларды сотқа дейін реттеудің тиімді тетігін құру.


16 сәуір 2026 ж. 79 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930