Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ең төменгі сағаттық жалақы енгізу ұсынылды

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ең төменгі сағаттық жалақы енгізу ұсынылды

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай курьерлер мен такси жүргізушілерінің құқығын заңмен реттеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жүздеген мың қазақстандық үшін курьерлік қызмет пен такси негізгі табыс көзіне айналған. Бүгінде шамамен 394 мың азамат цифрлық сервистер арқылы табыс тауып отыр дейді.

“Біріншіден, төлемдер салық агенті ретінде уақытылы ұсталғанына қарамастан, техникалық қателік салдарынан азаматтарға негізсіз берешек пен өсімпұл есептеліп жатыр. Кей деректер бойынша, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуінен 140 мыңнан астам қызметкер зардап шеккен. Екіншіден, бұл қызметкерлер “тәуелсіз серіктес” ретінде тіркелген. Олардың нақты жұмыс кестесі, тарифі, рейтингі бар. Демек еңбек қатынастарының белгілері болғанымен, олар еңбек демалысы, аурухана парағы және еңбек қауіпсіздігі сияқты негізгі кепілдіктерден тыс қалып отыр”, – деді Бибігүл Жексенбай.
Оның сөзінше, бұл салада нақты еңбек нормалары мен ең төменгі сағаттық төлем жоқ. Көпшілігі 12–16 сағатқа дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар платформалар ескертусіз аккаунттарды бұғаттай алады. Ал бұл шешімге шағымдану мүмкіндігі жоқ дейді депутат.
Депутат мәселені шешу үшін мынадай ұсыныстар айтты:
әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде жанармай мен көлік жөндеу шығындарын шегеру әдістемесін қарастыру;
платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың мәртебесін жеке заңмен бекітіп, ең төменгі сағаттық төлем стандартын енгізу;
жол-көлік оқиғалары мен жарақаттану мәселесін платформалармен бірлесіп қарастыру;
тапсырыстарды бөлу қағидаларын ашық ету және аккаунтты бұғаттау шешімдерін адамның қатысуымен қайта қарау;
осы саладағы дауларды сотқа дейін шешудің тиімді механизмін қалыптастыру.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда такси жүргізушілері жолаушыларға сақтандыру сатып алуға міндеттелгені туралы жазған едік.
16 сәуір 2026 ж. 101 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930