Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда такси жүргізушілерінің қызметі қалай реттеледі

Қазақстанда такси жүргізушілерінің қызметі қалай реттеледі

15 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси қызметі жұмыскерлеріне арнаулы салық режимін енгізу жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды.zakon.kz
Сенаттың жалпы отырысында ол бүгінде "Яндекс" платформасында 500 мыңға жуық такси жүргізушісі жұмыс істейтінін атап өтті. Бірақ бұл платформада жұмыс істеу үшін олар келісімшартқа керек.
"Олар үшін бұл – ыңғайлы жұмыс кестесі және жұмысқа кедергі келтірмейтін табыс көздерінің бірі. Ресми түрде жұмыс істейді деп тану үшін олар жария келісімшартқа отыруы керек, егер келісімшарт жасасқан болса, онда олар тәуелсіз жұмыскерлер болып саналады".
Еңбек министінің айтуынша, салықты платформа операторы немесе жеке кәсіпкер ретінде тұлғаның өзі төлейді. Мұның бәрі еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
"Мұның бәрі біздің азаматтарды салық режиміне тарту үшін, егер әлеуметтік аударымдар болса, онда бұл жеке тұлға барлық әлеуметтік төлемдермен қамтылады, оның қандай да бір көмек алуға тиісті құқығы болады", – деді Тамара Дүйсенова.
15 наурызда сенаторлар Әлеуметтік кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, оның аясында елімізде еңбек нарығын ырықтандыру және икемді жұмыспен қамтудың барлық түрі мойындалады.
15 наурыз 2023 ж. 233 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930