Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді елімізде тұтынушылық несие мен бөліп төлеуге шектеу енгізіледі

Енді елімізде тұтынушылық несие мен бөліп төлеуге шектеу енгізіледі

Фото: freepik.com

Қазақстанда тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеуге шектеулер енгізіледі. Мән-жайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл бастама халықтың шамадан тыс несие жүктемесін азайту мақсатында ұсынылып отыр.

“Қазір қарыз алушының жалпы берешегіне шек қою мәселесі талқыланып жатыр. Сонымен қатар табысты растау талаптарын күшейту және маркетплейстер беретін бөліп төлеу қызметін жеке реттеу тетіктері де қаралуда”, – деді Әбілқасымова.

Агенттік басшысы тұлғаның жалпы қарызы оның жылдық табысына байланысты шектелетінін айтты.
“Қарыз алушының барлық берешегі бойынша жиынтық қарыз коэффициенті белгіленеді. Оған қоса ипотека, автонесие және кепілсіз тұтынушылық несиелер сияқты жекелеген өнімдер бойынша да бөлек коэффициенттер енгізіледі. Демек қарыздың шекті көлемі азаматтың жылдық табысына қарай белгіленеді”, – деді ол.

Сонымен қатар табысты растауға қойылатын талаптарды күшейту мәселесі әлі талқыланып жатыр екен.

“Бұл өзгерістерді 2027 жылдың 1 қаңтарында енгізу жоспарланған. Қазір қарыз алушының табысын бағалау кезінде әртүрлі дереккөз пайдаланылады және олардың бәрі бірдей ресми табыс бола бермейді. Осыған байланысты біз қаржы ұйымдарының скоринг модельдеріне және ресми расталатын табыс түрлерінің тізіміне талаптарды күшейтеміз”, – деді агенттік төрағасы.
Мәдина Әбілқасымова бөліп төлеу қызметіне де жеке тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстанда бұл нарықты реттейтін заңнамалық түзетулер дайындалады.

“Бөліп төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл қаржы ұйымдары емес, мысалы маркетплейстер ұсынатын бөліп төлеу түрлері. Негізінде мұндай өнімдер несиелік өнімнің барлық белгілеріне ие”, – деді ол.

Оған қоса елімізде тұтынушылық несие алу да қиындай түспек. Оның себебін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы түсіндірді.

ҚНРДА басшысы Қазақстанда адам ала алатын тұтынушылық несиенің ең жоғары сомасына нақты лимит енгізу жоспарланып отырғанын растады.

“Елімізде тұтынушылық несиенің ең жоғары сомасына нақты лимит енгізу жоспарланып отыр. Соңғы ақпарат бойынша, қарыз алушының иелене алатын ең жоғары берешек сомасына абсолюттік шек белгіленуі тиіс”, – деді Әбілқасымова.

Агенттік төрайымы 2025 жылы бірқатар қатаң шара қабылданғанын және оның нәтиже бергенін айтты. Төрағаның сөзінше, тұтынушылық несиелеу өсімі айтарлықтай баяулаған.

Егер бұрын бұл нарық жылына орта есеппен 30% өссе, қазір өсім әлсіреген. Ал кепілсіз тұтынушылық несиелер сегментінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. Кей жерлерде жаңа қарыз беру көлемі нөлге жуықтап, тіпті теріс динамика көрсетіп отыр.

“Өткен жылы бес жылдан асатын мерзімге несие беруге тыйым салынды. Себебі кейбір қаржы ұйымдары тұтынушылық несиенің мерзімін жасанды түрде ұзартып, шектеулерді айналып өткен. Мерзімі өткен берешекке де шектеулер енгізілді. Егер қарыз бір күннен артық кешіктірілсе, микроқаржы ұйымдарына жаңа несие беруге тыйым салынады. Ал кешігу 30 күннен асса, мұндай шектеу банктерге де қолданылады. Бұл шаралар "кредиттік шопингпен" күресу үшін қабылданған. Демек азаматтар ескі қарызын жабу үшін жаңа несие алатын жағдайларды шектеуге бағытталған”, – деді ол.
Бұдан бөлек, банктер үшін жеке дефолт деңгейі енгізілді. Әр банк үшін рұқсат етілген шекті деңгей белгіленген.

Егер бұл көрсеткіш тым жоғары болса, банк тұтынушылық несие беруді қатаңдатуға мәжбүр болады. Агенттік түсіндіруінше, жоғары дефолт деңгейі банктің қарыз алушының төлем қабілетін дұрыс бағаламағанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда онлайн несие енді міндетті сәйкестендіруден кейін берілетіні туралы жазған едік.
15 сәуір 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930