Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды дауыл қыспаққа алды: жаңбыр қарға ұласып, жел күшейеді

Қазақстанды дауыл қыспаққа алды: жаңбыр қарға ұласып, жел күшейеді

pexels.com
Синоптиктердің мәліметінше, 15 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күрделі ауа райы қалыптасып, бірнеше табиғи құбылыс  15 сәуірге арналған ауа райы болжамы ел көлемінде күрделі метеожағдай қалыптасатынын көрсетті. «Қазгидромет» мәліметінше, бір мезетте 17 өңір мен үш мегаполисте дауылды ескерту жарияланып отыр. Ел астанасында күн соңына қарай жаңбыр қарға ұласады. Жел бағыты құбылып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматыда күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады, ал Шымкентте жауын-шашынмен қатар шквалды жел күтіледі. Өңірлердегі жағдай одан да күрделі. Ақмола облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей жерлерде бұршақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында нөсер, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болжанып отыр. Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жаңбыр қарға ұласып, тұман мен көктайғақ қаупі бар. Солтүстік Қазақстанда да түнде аралас жауын-шашын мен мұзтайғақ күтіледі. Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Жетісу өңірлерінде жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнайды. Бірқатар аймақта жоғары өрт қаупі де сақталып отыр. Әсіресе Абай, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген бөліктерінде бұл қауіп деңгейі төмендеген жоқ.

smartnews.kz
15 сәуір 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930