Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел, бұршақ, шаңды дауыл: ел бойынша ауа райы күрт бұзылады

Жел, бұршақ, шаңды дауыл: ел бойынша ауа райы күрт бұзылады

Бірқатар облыста найзағай мен қатты жел күшейіп, кей өңірлерде бұршақ пен дауыл қаупі артып отыр.
Фото: depositphotos.com
Қазақстан аумағында 12–13 сәуір аралығында ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай, қатты жел, тұман және шаңды дауыл күтіледі. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болжанса, солтүстігінде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында тұман түсіп, жел бағыты өзгеріп, кей жерлерде күшейеді. Қызылорда облысында жағдай күрделірек: өңірдің орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Осындай құбылыс Маңғыстау облысында да байқалады — мұнда жаңбыр, найзағаймен қатар бұршақ пен дауыл күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында да ауа райы тұрақсыз: жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел болжанып отыр. Кей өңірлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын қармен аралас жаууы ықтимал, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей аумақтарда өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл — қауіпті деңгей. Сонымен қатар таулы аймақтарда тұман түсіп, найзағай күтіледі. Алматы өңірінің таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұған қоса, Іле Алатауында қар көшкіні қаупі сақталып отыр. Мамандар 2200 метрден жоғары аймақтарға бармауға кеңес береді. Синоптиктер ескерткендей, кей өңірлерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жетісу облысында өзендер тасып, су басу қаупі бар.
13 сәуір 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930