Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

13 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады
13 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото:
© freepik.com
«Қазгидромет» синоптиктері 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің батысында ауа райы құбылмалы болады. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 
Маңғыстауда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. 
Атырау облысында күндіз нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.
Оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде құрғақшылық байқалады.
Қызылорда облысының  орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с. 
Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. Таулы аудандарда аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. 
Ақмола, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең қалың тұман басады.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.



12 сәуір 2026 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930