Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басықара тоғанындағы балық шабақтары жаздық тоғанға жіберілуде

Басықара тоғанындағы балық шабақтары жаздық тоғанға жіберілуде

Соңғы жылдары Қазалы ауданында тоғанда балық өсіру шаруашылығы жанданып, 2024 жылы Басықара ауылында «Арал Рыбторг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы көлемі 464 гектар жерді құрайтын балық тоғаны шаруашылығын бастаған болатын.
Өткен жылдың қазан айында аталған шаруашылықтың балық өсіру тоғандарына 360 мың дана тұқым әкелініп салынған. Бүгінде шаруашылықта қыстық тоғандағы балықтарды жаздық тоғандарға жіберу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаевпен бірге тоғандарға балық жіберу жұмыстарын көрді.
«Арал Рыбторг» ЖШС-нің жетекшісі Қуаныш Өмірзақовтың айтуынша алдағы күз айларында тоғандардан 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарлап отыр. Негізгі мақсат - өсірілген балықтардан тауарлы балық шығару және оны халықтың игілігіне жарату.
Қазіргі таңда шаруашылықта 4 жаздық тоған болса, оның екеуіне балық жіберілуде. Кәсіпкер 2027 жылға қарай шаруашылықта тағы да балық тоғандарын іске қосып, жергілікті халықтан 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, «АралРыбторг» ЖШС-нің құны 650 млн теңге болатын тауарлы балық өсіру тоғаны жобасы өңірде балық шаруашылығын дамытуға, жергілікті өнім көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін күшейтуге бағытталған. Жалпы тоғанда балық өсіру жобасының 308 млн. теңге қаржысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен, қалған 342 млн.теңгесі «Байқоңыр Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы несие алуға құжаттары ұсынылып отыр.
13 сәуір 2026 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930