Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14,3 тонна залалданған күнбағыс тұқымы елге кіргізілмеді

14,3 тонна залалданған күнбағыс тұқымы елге кіргізілмеді

Фитосанитариялық бақылаудың арқасында Қазақстанға залалданған 14 тонна күнбағыс тұқымын әкелуге жол берілмеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті. 
Фото: Pixabay.com
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті.
— Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында оның күнбағыс фомопсисі ауруымен залалданғаны анықталды, — делінген хабарламада.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.
Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.
Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасады.
Еске сала кетейік, былтыр егілген күнбағыс алқабы рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.
03 сәуір 2026 ж. 83 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930