Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын 20% көлемінде өзгеріссіз қалдырды
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, күнбағыс тұқымын өсіру – агроөнеркәсіп саласындағы ең табысты бизнес түрлерінің бірі.
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында күнбағыс тұқымына қолданыстағы экспорттық баж салығын 20% көлемінде (бірақ тоннасына кемінде 100 еуро мөлшерінде) өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығына күнбағыс тұқымын өндірушілермен сатып алу бағасы бойынша келісімге келу ұсынылды, қауымдастық бұл туралы жақын арада жариялауға уәде берді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, күнбағыс тұқымын өсіру – агроөнеркәсіп саласындағы ең табысты бизнес түрлерінің бірі. Бұл майлы дақылдың рентабельділігінің жалпы көрсеткіші ел бойынша 96,4%-ды құрайды.
Қазақстанда күнбағыс тұқымын өңдеу саласына 50-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған, шикізат өңдеудің жылдық жалпы қуаттылығы 3,2 млн тоннаны құрайды.
Егістік алқаптарының көлемі артып келеді. 2023 жылы 1,2 млн гектар алқапқа дақылдар егілді. Орташа өсім жыл сайын 10%-ды құрап отыр.
Күнбағыс тұқымының экспорты өсуде: 2022 жылы 346,8 мың тонна күнбағыс тұқымы экспортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен (145,9 мың тонна) 2,3 есеге артық. Бұл ретте маркетингтік кезеңде күнбағыс тұқымының экспорты, бұл 2020-2023 жылдардағы қазаннан тамызға дейін экспорттың орташа жылдық көрсеткішінен асып түседі.