Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің ұлғаюы байқалды. Алайда, соған қарамастан өнім бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz.
Energyprom.kz берген мәліметтерінде, өңірлік контексте күнбағыс майы өндірісінің жалпы көлемінің жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май.
Сонымен қатар, тазартылмаған күнбағыс майын өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарына, тазартылған – Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) облыстарына тиесілі.
Қазақстандық күнбағыс майын өндірушілер ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында сұранысты 83,5%-ға жауып, тиісінше импорт 16,5%-ды құрады. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 29,6%-ға, ал импорт 26,6%-ға артты, делінген зерттеуде.
2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, сарапшылардың бағалауынша, күнбағыс майы бір айда 1,4%-ға қымбаттады, ал жыл басынан бері бағаның өсуі 8,1%-ды құрады.
2021 жылғы шілдемен салыстырғанда бағалар 11,6%-ға өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз, ол кезде баға бірден 65,8%-ға өскен.
09 тамыз 2022 ж. 661 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031