Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға аса қауіпті вирус кіріп кете жаздады

Қазақстанға аса қауіпті вирус кіріп кете жаздады

Қауіпті вирус қызанақ тұқымдарынан табылған
Қазақстанға аса қауіпті вирус кіріп кете жаздады
Фото:
freepik.com
Астана халықаралық әуежайында карантинге жатқызылған өнімді әкелу фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, әуежайдың фитосанитариялық бақылау бекетінде мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімнің ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып елге әкелінгенін анықтаған.
«Үндістанда өндірілген, бірақ Корея Республикасынан әкелінген қызанақ тұқымдарынан карантиндік объект — қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) табылды. Бұл вирус ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе көкөніс шаруашылығына елеулі зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті карантиндік объектілердің қатарына жатады және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді», - делінген хабарламада.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалған.  Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.



15 қаңтар 2026 ж. 112 0

Екі облыста жол жабылды

15 қаңтар 2026 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031