Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде балаларға арналған 42 мың дана кітап жарық көреді

Биыл елімізде балаларға арналған 42 мың дана кітап жарық көреді

Фото: istockphoto.com
2 сәуір дүниежүзі бойынша Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтеді. Айтулы күн жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуының маңыздылығын айқындайды. Бүгінде Қазақстанда 3889 көпшілікке қолжетімді кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде 272-сі – балалар кітапханасы, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардың кітап қоры 7 миллионнан астам дананы құрайды, ал оқырмандар саны 1,7 миллионнан аса баланы қамтиды. Ең көп сұранысқа ие шығармалардың қатарында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» және «Балалық шаққа саяхат», Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» және «Жусан иісі», сондай-ақ Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» еңбектері бар.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын мақсатты аудиторияға арналған кітаптарды шығарып, оларды ел кітапханаларына таратады. 2020–2025 жылдары 396 мың дана таралыммен 132 кітап жарық көрді.
2026 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың дана кітап шығарып, кітапханаларға жеткізу жоспарланып отыр.
Әдебиеттің қолжетімділігін арттыру мақсатында электронды нұсқалары Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының порталында орналастырылады.
Балалар әдебиеті саласының дамуына әдеби сыйлықтар мен байқаулар да айтарлықтай үлес қосуда. Атап айтқанда, «Айбоз» ұлттық сыйлығы және Президенттік әдеби сыйлық аясында балалар әдебиеті бойынша номинациялар қарастырылған. Елімізде 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні аталып өтеді. Оның аясында балалар басылымдарына арналған арнайы санаттарды қамти отырып, «Ұлттық кітап» байқауы өткізіледі.

03 сәуір 2026 ж. 92 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930